Аққыр (ескі қала орны)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
АҚҚЫР – ескі қала орны. Жосалы т. ж. станциясының оңтүстік-батысында 140 км жерде, Аққыр тауының маңында орналасқан. Алғаш 1948 ж. Хорезм археолог-этнограф экспедициясы зерттеген. Аумағы 100х100 м шамасында. Заттай деректер қаланың 3-5 ғ. құрылысы екенін көрсетеді.