Аққорған-ӀӀ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аққорған-ӀӀ - ежелгі қалашық орны. Көксарай аулынан солтүстікке қарай 12 км жерде. 2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің археологиялық экспедициясы (жетекші С.Ахмет) зерттеген. Қазіргі орны оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жатыр. Солтүстік-шығыс жағының ұзындығы 87 м, биіктігі 2—2,5 м. Батыс жағының ұзындығы 97 м, оңтүстігінің ұзындығы 82 м. Төрт бұрышындағы жөне ортасындағы мұнара орындары сыртқа шығыңқы келген. Үстінің жалпақтығы 2—3,5 м аралығында. Қорғанның солтүстік-шығыс қабырғасы тік жар болып келген, оңтүстік қабырға қатты жайылып кеткен, оңтүстік бұрыштан 5 м жерде ұзындығы 20 м жайпақ алаңқай жер бар. Бұл жер қақпа орнына ұқсайды. Жинастырылған материалдар (қыш ыдыстар сынықтары, т.б.) қалашықты халық 10—13 ғасырларда мекендегенін айғақтайды.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аққорған-ӀӀ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}