Аққанат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Аққанат , калла (Үлгі:Lang-la) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында (Қазақстанда да) өсетін 1 түрі – батпақ аққанат (С. palustrіs) бар. Осы түрді Солтүстік Қазақстандағы Қамысты көлінің жағасынан 1958 ж. алғаш рет С.Арыстанғалиев жинаған. Оның биіктігі 10 – 35 см. Тамыр сабағы жуан, бөлшектенген, жатаған. Жапырақтары ұзын сағақты, пішіні жүрек тәрізді (ұзындығы 16, ені 11 см). Көктемнің басында аппақ жабынмен жабылған гүлшоғыры, кейін қызыл жемісі бар, жеке гүлдегі бірігіп өскен тығыз, қысқа жемістер тобы алыстан көз тартады. А-тың жемісі негізінен су құстары арқылы таралады. Улы өсімдік. Оңтүстік Африкада өсетін зантедесхия (Zantedeschіa) деген туыстың кейбір түрлерін «калла» деген атпен оранжереялар мен жылыжайларда қолдан өсіреді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>