Аққайнар Батыс Қазақстан нан өнімдері комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Аққайнар» Батыс Қазақстан нан өнімдері комбинаты ЖАҚ - ұн, жарма және макарон түрлерін шығаратын кәсіпорын. Бұл өндіріс саласының тарихы 19 ғасырдағы жергілікті кәсіпкерлер (Макаров, Карев, Овчинников) тұсынан басталады. Қазір жұмыс істеп тұрған жарма өндіру корпусының іргетасы 1898 жылы қаланған. 1910 жылы қазіргі ұн тарту ғимараты салынған. 1961 жылы құрама жем зауыты пайдалануға берілді. Осы зауыттан құралған кәсіпорын 1981 жылы «Орал нан өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамы аталды. 1993 жылы — «Аққайнар» ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорны (ЖШС). 1999 жылдан қазіргі атаумен аталды. Комбинат құрамында ұн тарту, жарма дайындау, құрама жем және макарон шығару зауыттары бар. Астықты сақтап, өндеуге маманданған. Әкімшілік ғимараты Гвардия және Октябрь көшелерінің қиылысында, сондай-ақ өндірістік корпустары қаланың 2 жерінде орналасқан. 500-дей адам ауысымдық кесте бойынша еңбек етеді. Әріптес кәсіпорындармен ынтымақтастық байланыс орнатқан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}