Ақық тас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақық тас - қымбат тас, жалтылдап тұратын, түсі әр түрлі (қызғылт күлгін, қызыл, күреңқызыл) түсті асыл тас. Бұл бағалы таспен ақық көзді қапсырма, ақық моншак, ақықтан көзі бар сырға т.б. зергерлік әшекей бұйымдар жасалады.

Ақықтың түсі қоңыр қызыл немесе ақ пен қоңыр қызыл түстердің кезектесіп түсетін жолақты, ал кейбіреуінің түсі ақшыл болады (орыс тіліндегі агат, сердолик, халцедон деп аталатын тастардың баламасы ретінде қолданылады). Ақықтан моншақ тізіледі, онымен зергерлік бұйымдар мен ер-тұрман сияқты ат жабдықтары әшекейленеді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақық тас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}