Ақыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақыр - малды бордақылауға, суаруға, жем-шөп беруге қолданылатын іші шұңғыл ыдыс. Оны астауға ұқсас етіп тақтайдан қиюластырып жасайды. Ақыр шөптің, жемнің шашылмауына себін тигізеді. Көлемі жем-шөп берілетін малдың үлкен-кішілігіне байланысты болады: сиыр мен жылқының ақыры үлкен әрі бойлары еркін жететін қалыпта биіктеу орнатылса, қойдың ақыры да өз бойына шақ аласалау қойылады. Кей жерде ақырды шабыра, оқыра деп атайды да оны жем шабыра, шөп шабыра деп екіге бөледі. Жем шабыра немесе жем ақыр тақтайдан шауып жасалады, ал шөп шабыра шыбықтан тоқылады.

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларында «Ат байлаган ақыр тac, Арқаға біткен қолаңшаш» (Қыз Жібек эпосы) деген жолдарда кездесетін астауша тәрізді түрлері болған. Әулиета өңіріндегі Ақыртас ескерткіші (тарихтағы Талас шайқасына дейін салына басталған) үлкен тас қамалды салу (оны ғибадатхана, керуенсарай деп те пайымдайды) үшін тас блоктарды ішін қуыстап, науашаға ұқсатып жасаған. Кейін, бұл тас блоктардың пішінінің ақырга ұқсастығына карай осылай аталған тәрізді. Шынымен-ақ, қоңырқошқыл түсті кұмтас үлкен тастан ойып жасалған үлкен тас астауларға ұқсайтын блок ақырлар делінеді.

Сондай-ақ, кез келген өңірлерде әулие жерде, арасан басында су жиналатын ыдыс түріндегі ағаштан, тастан жасалған ақырлар көптеп ұшырасады. Ондай ақырлардың түбінде тазалап тұруға арналған тесігі бар, ол ағаш тығынмен бекітіледі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}