Ақын-баба
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақынбаба Ақсұңқар (1978) - тележурналист. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетін қызыл дипломға тәмамдады. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>
- 1998 жылы Қазақстан телерадио компаниясында "Шапағат" таңғы бағдарламалар редакциясында тәжірибеден өтіп, редакторлық қызмет атқарды.
- 1999-2002 жылдары Алматы облысындағы "Жетісу" басылымында мәдениет және әдебиет бөлімінде журналист,
- 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" Мемлекеттік академиялық оркестрінде жүргізуші,
- 2004 жылы "Жалын" журналында редактор,
- 2004-2008 жылдары "Қазақстан" РТРК-ның "Шалқар" және Қазақ радиосында редактор-жүргізуші,
- 2008-2009 жылдары Қазақ радиосы бойынша сарапшы-редактор,
- 2009 -2011 жылдары "Қазақстан" ҰТА-ның эксперттік тобында, Қазақ радиосының дирекциясында телерадио бағдарламалары бойынша жетекші маман қызметін атқарады.
- 2001 жылы "Мен-Алтайдан ұшқан Ақсұңкар" атты жыр жинағы жарық көрді.
"Қазақ ақындарының антолотиясына", "Қыз ғұмыр жыр - ғұмыр" жинақтарына (2003) Қырғызстанда жарық көрген қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген. Мемлекеттік "Дарын" Жастар сыйлығы (2002) және Ғ.Мүсірепов атындағы Республикалық ақындар мүшәйрасының лауреаты.
Дереккөздер
<references/>