Ақымар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақымар - шариғат бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқан әйелдің пайдасына бөлінетін мал-мүлік, өзі күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары, яғни әйелдің еншісі.
Ақымар малдай, жылжымайтын мүлік немесе ақша түрінде де берілген. Күйеу ақымарды өзінің дүние-мүлкінен басқасын халықтың алдында жазылған тізімсіз бөліп берген. Күйеуі өлген жесір әйел, күйеуінің туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, мұрагер ақымар орнын алмастыратын басқа нәрсе сыйға берілген және егер күйеуі мен әйелінің арасы мүлдем ушығып кетсе, ол жас әйел алып, бұрынғы әйеліне ақымарымен қоса, баласына енші ретінде үстеме дүние-мүлік беріп, өзінің жанына немесе ағайын-туысының маңына бөлек шығарған. Ал, әйел төркін жағына кеткісі келсе рұқсат берілген, яғни ерікті болған. Сондай-ақ, халық алдында мүлікті бөліскенде әйел қолхат алмайды. Бұл - әйелдің отбасылық құкығын материалдық қолдау болып саналған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>