Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев
Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев (13 сәуір 1961 жыл, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры әрі 2024 жылдан бастап Ұлттық ғылым академиясының президенті. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі (2008—2011). Профессор, академик және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997).
Білімі
1983 ж. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1983 ж. В. Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. Аталған мекемеде қатардағы лаборанттан директордың орынбасарына дейінгі лауазымдық қызметтер атқарды.
1997 ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.
2002—2005 жж. Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды.
2007 ж. бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице- министрі.
2008 – 2011 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
2011 – 2020 жж. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.
2020 ж. 27 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.<ref>Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы</ref>
2022 жылы 1 қарашада «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалды.
2024 жылы 22 қаңтарда Ақылбек Күрішбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.
Дереккөздер
<references/>