Ақшытыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Ақшытыр (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Таралуы
Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – Орақша ақшытыр (Cryptospora falcate).
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 10-40 см.
- Сабағы бұтақты, сыртын ұсақ, қалың түк жапқан.
- Жапырақтары ұзынша, пішіні қандауыр тәрізді, жиегі тегіс.
- Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді.
- Жемісі – иілген орақ тәрізді бұршаққын.
- Тұқымы ұзынша (ұзындығы 3 мм).<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>