Ақшыл көк қаргүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Ақшыл көк қаргүл (Үлгі:Lang-la) - сарғалдақтар тұқымдасы, қаргүл туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 4-15 см, жеміс салған кезінде 35 см-ге дейін жетеді.
  • Сабағы тік, тармақталмаған, сыртын жауып тұрған алдыңғы жылғы сағақтарының қалдығы көлемін қалыңдатып тұрады. Ұзын сағақты тамыр жапырақтары үш саусақ салалы, тісшелі үш тілімге бөлінген. Сабағының төменгі жапырақтары қабыршақты, одан жоғары орналасқан жапырағы қысқа сағақты әрі кең қынапты келеді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары сағақсыз.
  • Сабақ жапырақтары тамыр жапырақтарына қарағанда аздап тілімделген.
  • Гүлсидамының ұзындығы 1 см-дей, жеміс салған кезінде ұзарып кетеді.
  • Гүлі жалғыз әрі ірі, көлденеңінен ені 3,5-4 см. Жұмыртқа тәрізді 14-22 тостаған жапырақшалары сұрғылт боз, күлгін түсті. Сары түсті, қандауыр тәрізді шірнелік күлтелерінің ұзындығы 5 мм, түп жағы жасылдау, жоғары жағы домалақ тәрізді, аталық жіпшесімен бердей немесе одан қысқалау.
  • Күлтесінің негізі орналасқан жерде бал жиналатын кішкене шұңқыр бар.
  • Жапырақ тәрізді жемісінің ұзындығы 2 мм-дей тік немесе сәл иілген тұмсығы жоғары жағына қарай сәл бүгілген.
  • Үш қырлы жылтыр тұқымы қара, күңгірттеу. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанда Алтай, Тарбағатай жоталарында, Жетісу, Іле, Қырғыз, Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі.
Теңіз деңгейінен 2200-3400 м биіктіктегі альпілік белдеулерде өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер