Ақшоқы өзені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Ақшоқы – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 572 км2.

Бастауы

Тарбағатай жотасының мұздықтарынан басталып, Қытай жерінде құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

Көп жылдық орташа су ағымы 2,61 м3/с. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер