Ақша Сартұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақша Сартұлы (17071729) — батыр. Қойгелді Сартұлы батырдың інісі.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбінде Өтеген батыр бастаған қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды. Қалмақ батыры Ботшихар Өтеген батырмен жекпе-жекте қаза тапқаннан кейін қалмақтар шегініп, көл маңындағы қамысқа тығылады. Ақша батыр қамысты өртеп, қашып құтылмақ болған жауды қыспаққа алады. Көлдің Күйгенкөл атануы да осыдан шықса керек. Ақша бұдан кейін де бірнеше шайқастарға қатысқан. Аңырақай шайқасынамыңбасы дәрежесінде қатысқан. Ол жекпе-жекте қалмақ батыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай даласында жерленген. Ақша батырдың балалары Өтеболат пен Қырғызбай — 1756-1758 ж. қазақ жерін жоңғарлардан азат ету соғысына қатысқан.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub