Ақуыз (термин)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақуыз - малдың төлдегеннен кейінгі қою, құнары жоғары алғашқы сүті. Төлдегеннен кейінгі алғашқысы «қарауызды» төліне емізіп оттықтырып алады. Онан кейін бірнеше күн қатарынан сауған кездегі қою, майлы құнарлы сүтті қазақ ақуыз деп атаған. Қалыптасқан дағды бойынша барлық көрші-қолаң, ағайын-туысқа ақуыздан түгел дәм татыратын дәстүр бар. Мұндайда уызға қоса көтенішек қосып асады және ол ғұрыпты көтенасар деп атайды. Оның мәні малдың сүті көп болып, желіні ерте суалмасын, ақ мол болып, молшылыққа кенелсін деген өсіп-өну, өркендеу идеясымен байланысты.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақуыз (термин)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}