Ақтөбе облыстық орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтөбе Облыстық Орыс Драма Театры1934 ж. ұйымдасқан орыс театр труппасы негізінде құрылған. 1943 ж. қазақ труппасы ұйымдастырылып, екі труппа бірікті. Соғыс жылдарында К.М. Симоновтың “Прага талшындары аясында”, А.А. Кронның “Жіті барлау”, Б.А.Лавреневтің “Теңіздегілер үшін” пьесаларын қойды. 1965 ж. А.П. Штейннің “Толас” спектаклі көрсетіліп, театр тиянақты жұмыс істей бастады. Театр репертуарынан берік орын алған, көркемдік шоқтығы биік қойылымдардан Д.Исабековтің “Ертеңді күту”, А.А. Дударевтің “Қатардағылар”, “Кеш”, Н.Павлованың “Кішкентай вагон”, Ә.Таразидің “Әлия”, А.К. Толстойдың “Федор Иоанович патша”, М.О. Шатровтың “Брест келісімі” т.б. спектакльдер бар. Театр әр жылдары Орта Азия мен Ресей облыстары мен қалаларында, Алматыда (1988) гастрольде болды. 1996 ж. Жезқазған қаласында Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республика театрларының фестивалінде ақтөбеліктер ағылшын драматургі Леонард Герштің “Мына еркін көбелектер” қойылымы үшін лауреат атанып, үшінші жүлделі орынға ие болды. Театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген артісі — Р.А. Маркова, В.И. Бриц, Мари елі мен Татарстанның еңбек сіңірген артісі — О.М. Блинов, В.Я. Априскин, артистер — Р.Телеуова, Н.П. Бокорева т.б. шығармалық қызмет атқарады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}