Ақтылы қой, алалы жылқы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтылы қой, алалы жылқы - қазақы салтанат пен байлықты бейнелейтін метафоралық образ, дәстүрлі ұғым. <poem>Шұрқырап жатқан бір жылқы Тоғай сайын мың жылқы, Есебі жоқ көп жылқы Жиделі Байсын даласы. Өз алдына бір бөлек, Торысы мен қарасы. Аңдай болып көрінген, Бозысы мен аласы,</poem> - деп келетін өлең жолдары қазақы ортадағы байлық жөніндегі дәстүрлі ұғымды метафоралық образбен шебер бейнелейді. Расында да, төрт түліктің ішіндегі қазақтың ең ардақ тұтары - қой мен жылқы. Мыңғырған қой, үйір-үйір жылқы — байлықтың да, бақ-дәулеттің де символы. Ақтылы қой, алалы жылқы деген фразеологизм — осындай молшылықтың, мамыражай тоқ тіршіліктің метафоралық образы. Ақтылы қой сөз тіркесі мол байлыққа байланысты әсіресе, көп қолданылатын фразеологизм. Ол көбінесе, жеке адамның байлығын ғана емес, бүтін бір әулеттің дэулетін, яғни мыңғырған қойлы ауыл дегенді білдіреді.

Қазақы ортада бай адамдар жылқы түлігін әдетте құла, торы, жирен, боз және т.б. деген сияқты түр-түсіне карай жеке-жеке үйірге боліп бағатын. Алалы жылқы деген сөз тіркесі осы көріністі бейнелейді. «Қара көктен екі үйір, теңбіл көктен үш үйір, бір үйір боз, бес үйір құла» деген сөз тіркестері де байлықтың салтанаты болып табылатын осындай көрініске байланысты қалыптасса керек.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтылы қой, алалы жылқы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}