Ақтау пластикалық масса зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтау пластикалық масса зауытымұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Ақтау қ-нда орналасқан. ]]Зауыт]] 243 га аумақты алып жатыр. Өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлерінің саны 836 адам. Негізі 1981 ж. қаланды. Пластмасса зауыты аз уақыт ішінде жобада белгіленген қуаттылығы игеріліп, КСРО-дағы полистирал өндіретін ірі кәсіпорынға айналды. Негізгі өнім – стирол мен полистирол өндіріс құрылымының кешені шетелдік «Литвин» (Франция) фирмасымен өтемақылық келісім негізінде жүзеге асты. 1982 жылдан бастап экспортқа жылына 240 мың т полистирол шығара бастады. 1992 ж. зауыт «Ақтау кешенді өндірістік бірлестік» АҚ болып қайта құрылды. 2004 ж. зауыттың мүліктік кешенін жедел басқару үшін Алматы қаласындағы «SAT Companі» ЖШС сатып алды. Зауыт құрылымы 10 цех және бір орталық зертханадан тұрады. Этилен цехының жылдық қуаты 100 мың т этилен, отандық технология бойынша көмірсутек шикізатын шығаратын термиялық әдіспен ыдырау мен газ пиролизінің төм. темп-рада бөліну тазалығы 99,9% этилен алу жобаланған. Алынған этилен толықтай ішкі тұтынуға – этилбензол алынуға жұмсалады. Стирол цехының жылдық қуаты 346,3 мың т және 300 мың т бір технол. агрегаттағы этилбензол мен стиролдың кешенді қондырғысынан тұрады. Соққыға төзімді полистирол өндірісінің жылдық қуаты 110 мың т болатын 4 технол. жүйеден тұрады. Көбікті полистирол өндірісінің жылдық қуаты 100 мың т болатын 3 технологиялық цехы бар. Халық тұтынатын тауарлар цехы 1982 жылдан істеп келеді. Су буымен қамту цехы зауыттың негізгі өндірістік цехтарын энергия көздерімен қамту үшін қызмет етеді. Азот ауа салқынмен қамту цехы негізгі цехтарды азот, сығылған ауа салқынмен қамтуға арналса, тазарту құрылғылары цехы негізгі өндірістерден келіп түсетін ағын суларды тазартуға арналған. Бұлардан басқа, зауытта электр энергиясымен қамту, механикалық жөндеу және құрылыс-жөндеу цехтары да бар. Зауыттың технол. процестері тұрақты жүруі үшін өндіріске бақылау жүргізуге арналған аналитикалық цех жұмыс істейді. Ақтау пластикалық масса зауытытының алғашқы басшылары:Г.Дуничев, Д.Бражник, Ю.Карев, В.Передереев, Е.Усов, И.Лебедев. Қазіргі «Sat Opezeіtіng Aktau» ЖШС-нің Бас директоры – Жусанбаев Ғалымжан Омарұлы. Жауапкершілігі шектеулі серіктстік қазіргі уақытта үкіметтің «2004 – 10 жылдарға арналған мұнай-химия өнеркәсібін дамыту» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауда. Зауыт өнімдері Беларусь, Польша, Түркия, т.б. елдерге жөнелтіледі және ішкі сұранысты да қанағаттандырады. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтау пластикалық масса зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}