Ақтау-Бозашы қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tetrax male 1.JPG
Ақтау-Бозашы қорықшасындағы безгелдек
Сурет:Ilder.jpg
Ақтау-Бозашы қорықшасындағы күзендер
Ақтау-Бозашы қорықшасы – республикалық мәні бар зоологиялық қорықша. 1982 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған. Жер көл. 170 мың га. Оған Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс, Ақтаудың солтүстік-батыс бөліктері және Каспий теңізінің соған шекаралас жазық жағалауы енеді. Жер бедері құмды төбелі, бұйратты, сортаңды, шағылды, сорлы болып келеді. Қайраңды тегіс алқаптар да кездеседі. Табиғаты шөлейтті, шөлді аймаққа тән. Онда қысқа мерзімді шөл өсімдіктері мен қатар [[адыраспан, жантақ, көк кекіре, көкпек, сүттіген, жусан, күйреуік, изен, мортық, киікоты, бұйырғын, сораң, балықкөз, шағыр, қияқ, ақселеу, құртқашаш, тобылғы, бозжиде, ақ тұт]], т.б. өседі. Қорықшада қосмекенділердің – 1 (дала тасбақасы), бауырымен жорғалаушылардың – 15 (кәдімгі сұржылан, оқжылан, қалқантұмсық, т.б.), құстардың – 300-дей (жылқышы, жабайы кептер, үкі, бөктергі, жағалтай, жамансары, қарақұс, т.б.), сүтқоректілердің – 34 (Каспий итбалығы, құм қояны, қарсақ, дала күзені, қара кірпі, борсық, ақ бөкен, дала мысығы, т.б.) түрі мекен етеді. Ақтау-Бозашы қорықшасындағы бірқатар аң-құстар (жорға дуадақ, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, ителгі, бүркіт, жұртшы, шұбар күзен, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы, арқар, үстірт жабайы қойы – муфлон, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтау-Бозашы қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}