Ақтал ау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтал ау - қазақ ұғымында құтпан малды аталық қуатынан қан шығармай айыру, яғни пішу тәсілі. Малдың аталық қуатынан айыратын ақтау тәсілінің тарту, жаншу, мыту, біздеу деген түрлері бар. Бұлар да өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді. Тарту - қозы, лақты пішудің қан шығармай жасалады, яғни ұманың сыртынан ұрықтүтігін тартып үзеді. Қозы-лақты пішуге өте ыңғайлы болғанымен, бұл тәсілді ірі малға қолдану қиынға соғады. Аталық енінің бауын (ұрық түтігін) саусақпен ілмектеп тарту немесе қысқышпен жаншығаннан соң 30-45 күн бойы без құрамындағы гормондар мен биологиялық белсенді заттар төлдің денесіне сіңіп биоактивизатор міндетін атқарады, яғни жас организмнің өсімін жеделдететін маңызы бар, - дейді зерттеуші Ш.Әлғалиүлы. Біздеу - қан шығармай жасалатын пішу, яғни ақталаудың бір тәсілі. XIX ғ.-дың 20-30 жылдары қазақтар бұқаны «біздеу» тәсілімен ақтаған. Яғни кәдімгі бізді 20-30 мәрте пісіп, уызын (ұрығын) ағызған. Алайда, бұл аса дөрекі тәсіл және оның машақаты да көп болды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтал ау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}