Ақтай құда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтай құда - екі адамның әйелдері бір мезгілде екіқабат болып, босанбай тұрып, кұдаласу түрі. Олар «егер сенің әйелің қыз туып, менің әйелім ұл туса немесе керісініие, менің әйелім қыз туып, сенікі ұл туса екеуміз құда болайық» деп сәбилер тумай жатып-ак өзара келісе береді. Мұндай құдаласу түркі - қазақ әдеби тілінде ежеғабыл деп аталады. Құдандалықтың бұл түрін бесіккертті құда деп те атайды. Ақтана - күмістен жасалған дөңгелек әшекей түйменің түрі, бірақ кәдуілгі түймеден үлкендеу, дөңгелек пішінді, жалтырап тұратын әшекей. Тана көбіне әйел киімдеріне тағылады.

<poem>Зергерлер әрнектейді ақ тананы, Жақсылар өнеріне мақтанады,</poem> — деген айтыс жолдары тананың әшекей бұйымдарының ішіндегі бірегейлердің бірі болғандығын айғақтайды. Ақтананың жасалған материалы мен техникасына қарай алтын тана, ортасында тасы барын көзтана, сүйектана немесе сіркелі тана деп атаған Ақтананың бұдан басқа да алуан түрлері болды. Сонымен бірге, бұл бұйым қазақтың дәстүрлі отбасылық мәдениетінде түрлі ғұрыптық инициациялық рәсімдерді атқарудың қажетті атрибуты болды. Мысалы, отбасылық-неке салтында қалындық айттырып, құдандалыққа келісу барысында жігіт жағы қалындық қыз жастау болса, сырға орнына ақтана таққан. Бұл - қыздың жас та болса айттырылып қойғандығын айғақтайтын символ. Қазақы ортада осы әшекейдің эстетикалық әсемдігін жоғары бағалағандығы сонша, қыздың жәудіреген көзін «тана көзге» теңеген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақтай құда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}