Ақсұргүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсұргүл , ллойдия (Lloіdіa) – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның таулы аймақтарында өсетін 1 түрі – кеш Ақсұргүл (L. serotіna) бар. Биіктігі 10 – 20 см, бір не бірнеше сабақты. Тамыр түбіндегі жапырақтары ұзын, кейде сабағынан да ұзын. Сабақ жапырақтары кезектесе орналасқан, қысқа, жіңішке. Гүлдері жеке кейде екеуден орналасқан. Гүлсерігі ақ, оның бөлшектеніп тұратын ортасы қызғылт түсті. Аталығы жіңішке, сары жіпшелі. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша қорапша, көп тұқымды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}