Ақсарай, Өзбекстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coord Ақсарай (Үлгі:Lang-uz)— Әмір Темір дәуірінде салынған зәулім сарай. Өзбекстан Республикасы Шаһрисабз қаласында орналасқан. Іргесі 1380 жылы қаланған. Темірдің Хорезмдегі жеңісінің құрметіне салынған. Ақсарай Бибі-Ханым, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері сияқты үлкен порталды (50 м) күмбездер қатарына жатады. Сарай қабырғаларында араб әрпімен тарихи және діни жазулар, асыл тастармен, алтынмен жалатқан ою-өрнектер кездеседі. Олардың ішінде 798 хижра жылы (16.10.1395 — 5.10.1396) деген жазулар бар. А. аты Бабыр патшаның жазба деректерінде кездеседі. Патша кеңесіне арналған үлкен және кеңесшілерге арналған кіші бөлме болған. Басқа бөлмелер бірін-бірі қайталамайтын өрнектерге толы. 1403 жылы Шаһрисабзде болған испан елшісі Г.Клавихо Сарайдың ерекше сәулетті екенін жазады. Ақсарай құрылысы Темір тұсында бітпей, баласы Шахрух аяқтаған. Деректерде 1707 жылы Ақсарайда Бұхар ханы Убайдулла отырғаны айтылады. Қазір Ақсарай мемлекет және ЮНЕСКО қамқорлығында.

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсарай, Өзбекстан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}