Ақсай мұнай-газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсай мұнай-газ кен орны - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында (Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде) орналасқан. 1988 жылы ашылған.

Географиялық құрылымы

Кен құрылымының өлшемдері 11×7 км, амплитудасы 100 м. Ол бор кезеңінде түзілген Арысқұм қабатының терригенді шөгінділеріндегі үш кен шоғырынан тұрады. Біреуі мұнайлы-газды болса, қалған екеуі – мұнайлы. Олар тектоникалық жарылымдар және литол өткізбейтін жыныстар арқылы оқшауланған.

Жатыс сипаты

Өнімді қабаттардың жалпы қалыңдығы 11 – 18 м, оның ішінде мұнайлы қабаттардың тиімді қалыңдығы 4 – 11 м, газды қабаттардың тиімді қалыңдығы 3 – 6 м. Мұнай мен газды сіңірген терригенді коллекторлардың ашық кеуектілігі 13,1 – 14,9%, өткізгіштігі 0,02 – 0,86 мкм2. Олар қалыңдығы 10 – 150 м саз қабатымен жабылған. Кен шоғырларындағы бастапқы қабаттық қысым 15,6 – 16,73 МПа, температурасы 71°С.

Құрамы

Мұнайының тығыздығы 0,855 – 0,950 г/см3; күкіртті аз (0,11%), парафин (16 – 20%) мен шайыры (10,6%) біршама жоғары келеді. Газдың тәуліктік шығымы 137,6 м3. Оның құрамындағы метан 81,55%, этан 9,73%, пропан 3,3%. Кен орны толық барланып бітпеген.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсай мұнай-газ кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}