Ақпарат қорғаудың физикалық құралдары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақпарат қорғаудың физикалық құралдары (Физические средства защиты информации) — қорғалатын ақпаратқа қатынас құрылатындай орындарға ықтимал бұзушылардың жетуін қиындататын немесе жол бермейтін техникалық құралдар, инженерлік қүрылғылар және ұйымдастырушылық шаралар. Оған мыналар жатады: ғимараттар мен үйлерді физикалық түрде оңашалау, аппаратураның электрмагниттік сәуле шығаруын ұтымды түрде тіркеуін болдырмайтындай етіп аумақты кеңінен қоршау; қатынас құруды басқару жүйелерін қорғалатын үйге орналастыру; арнайы жабылатын қүрылғыларды пайдалану; күзетілетін объектілердің соңынан бақылау жүргізу және күзеттік сигналдау жүйесін орналастыру.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub