Ақпарат нарығында байқалатын теріс сипаттағы құбылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпарат нарығында байқалатын теріс сипаттағы құбылыстар– қазіргі заманғы (2006) ақпарат нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби мамандарының жеткілікті санының менеджерлердің, шығарм. қызметкерлердің, журналистердің, талдаушылардың, тележүргізушілердің, стрингерлердің, технологтардың, заңгерлердің және басқалардың болмауы; <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Aқпарат нарығы субъектілерінің бірінші кезекте БАҚ-тың тех. жағынан нашар жабдықталуы, ол ақпарат өндіру мен тарату жөніндегі материалдық-тех. базаның әлсіздігінен, ақпараттарды тарататын телекоммуникациялар мен арналарға, әсіресе өңірлерде, қолжетімділіктің шектеулі болуынан туындап отыр; ақпарат нарығының субъектілері, бірінші кезекте БАҚ өте төмен табыстылықпен жұмыс істейді, көп жағдайларда мемлекетке немесе қаржы-өнеркәсіп топтарға тікелей қаржылай тәуелділікте болады және көбіне өз қызметінде олардың мүдделерін білдіреді; нарықтың Ақпарат сыйымдылығының, соның ішінде жарнаманың аздығы; халықтың бір бөлігінің төлем қабілетінің аса жоғары болмауы, ол жеке және заңды тұлғалардың ақпарат өнімдеріне аз шығын жұмсауымен түсіндіріледі; жергілікті, өнірлік және жалпыұлттық телекоммуникация инфракүрылымының және ақпараттар беру мен тарату инфрақұрылымының дамымауы, соның ішінде ақпаратты беру мен таратудың монополиялы түріне жақын жай-күйіне байланысты туындап отыр.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}