Ақпаратты жылдамдық жағынан топқа бөлу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

52Ақпаратты жылдамдық жағынан топқа бөлу – ақпарат жылдамдық жағынан бірнеше топқа бөлінеді. <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.Олар: абсолютті жедел ақпарат, яғни оқиға болып жатқан жерден сол сәтте таралатын ақпарат. Ал екіншісі, оқиға болғаннан кейін бір сағат ішінде таралатын ақпарат. Ал кейбір ақпарат келесі күні таратылуы мүмкін. Демек, асығыссыз жеткен ақпаратта оқиғаның қай күні болғаны нақты айтылмайды. Телевизия мамандары сонғы ақпараттарында жаңалықтың абсолютті жылдамдығын көп көрсетпейді. Себебі, олар жаңалықты кадрда айта отырып, оқиғаны толық жеткізуге тырысу үшін жаңалықты бағдарламаның соңына қояды. Егер монтаждап үлгерсе, бейнерепортаж көрсетеді. Немесе "корреспондент телефон арқылы хабарлайды, енді соған құлак түрелік" дейді. Фондағы корреспондент суреті және карта көрсетіліп, телефон көрінісінде ары қарай ақпарат беріледі. Бұл әдісті көпшілігі жасанды жасалған әрекет деуі мүмкін, бірақ бұл телевидение үшін абсолютті жедел ақпарат таратуда маңызды болып табылады.

==Дереккөздер==

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}