Ақпараттық саясат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпараттық саясат ұстанады. Мемлекет тарихындағы түбірлі реформалық өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпараттық саясат қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақпараттық саясат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}