Ақпараттық панорама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпараттық панорама - күн сайын жарты сағат берілетін ең танымал ақпараттық бағдарлама. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "Қазақақпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Хабарды солтүстегі Хэйлунцзяннан оңтүстегі Хайнань аралығына дейінгі, шығыстағы Сары теңіз жағалауынан бастап батыстағы Тянь-Шань тауына дейінгі аралықтағы аудиторияньң барлығы көреді.

Жаңалықтар диктордын оқуында беріліп, экранда бейнеқатарлар бірлікте жүріп жатады. Дикторлар өте жас болып келеді, әрі студияда олар бір-біріне өте жақын отырады. Олар қарапайым ғана киініп, мәтінді ешқандай мүдірмей, кәсіби шеберлікпен шынайы оқиды. Студия түрлі түсті болып жабдықталып, ұлттық бояулар қатаң сақталады.

Шетел хроникасы бұл бағдарламада небәрі 5-7 минут қана орын алады. Көбіне Си-Эн-Эн, "Виснъюс", Эн-Эйч-Кэй, Азия және Тынық мұхит елдері радиохабарлары Одағынын хабарларын спутниктік байланыс арқылы қабылдап, эфирге береді.

Әдеби хабарлар, көркем және көңіл көтеретін бағдарламаларға сұраныс мол. 1958 жылы көрсетілген алғашқы телеқойылым ("Кусок овощной лепешки") қазіргі күнге дейін эфирден көрсетіліп, көрермендер арасында аса зор табысқа ие болып отыр.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}