Ақпараттық нарықтағы үш сала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпараттық нарықтағы үш сала - үш сала бүгінгі таңда қатар өмір суруде:<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "Қазақақпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Қуатты мемлекеттік "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы, "Хабар" агенттігі'', "Еларна"және облыстық , қалалық телерадио компаниялар.

Олардың көпшілігі жергілікті әкімшліктің қаржылай қолдауларына ие. Екіншісі - ірі сегментті медиахолдингтер мен тәуелсіз телекомпаниялар. Үшіншілері - жарғылық қорлары аралас, мемлекеттік және ірі алпауыт мекемелер немесе жергілікті өкімет пен шетелдік компаниялар қаржыландырып отырған телекомпаниялар.

Мемлекет күні бүгінге дейін бұрынғысынша жиіліктерді тарату мен лицензияны өз қолдарынан шығармай ұстауда. Бүгінде әлемдегі экономикасы дамыған бірде-бір елде телеиндустрияның "таза" үлгісі жоқ.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік теледидар қоғамдық теледидармен қатар өмір сүруде. Франция, Германия және Польшадағы қоғамдық арналар қаржыландырудың аралас түріне қарай бағыт ұстанса, Испания мен Португалиянын қоғамдық теледидарлары толықтай жарнама түсімін пайдалануда.

Ресейде де аралас теледидарлық үлгі құруға деген ұмтылыс байқалады. Қазақстанда "қоғамдық теледидар" құру мәселесі көтерілгенімен, күні бүгінге дейін (2008) оның концепциясы толықтай жасалынып, жүзеге асқан жоқ.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}