Ақпараттық жанр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпараттық жанр (журналистика) – газет бетіндегі матермалдар мен радио-, телеэфирінің 50 пайызынан астамын құрайтын журналистикадағы басты жанрлардың бірі. Оған хроника, шағын және кеңейтілген ақпараттар, сұхбат, есеп, суреттеме, репортаж жатады. Бұлардың бәріне қойылатын талаптар ортақ. Ақпараттық жанр дәлелдер мен дәйектерден тұрады және оның құрамында әдеби көркемдеуіш құралдар қолданылмайды. Күнделікті фактілер туралы баяндайды. Егер аталған жанрды орынды, дұрыс қолдана білсе, онда олардың мүмкіндігі шексіз. Ақпараттағы жанрдағы материалдар субъективті көзқарастан, жеке тұлғаның өзіндік қорытындысынан ада болғандықтан әлем журналистикаысн зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атайды. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. </ref>

Дереккөздер

<references/> 
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}