Ақмұрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмұрт - аяқ киімнің керсен деп аталатын башпайды ұстап тұрған бөлігінің тұмсық жағына сәндік үшін қондырылған ұзындығы 2-4 елі шамасындағы үшкіл формалы тілше, етік деталі. Етіктің тұмсығын бүлінуден сақтайтын функциясы да бар. Сонымен бірге, ұлтан мен керсенді өзара біріктіргенде оның арасына басқа түсті теріден салған сызықты да ақмұрт атайды. Ол сән берумен бірге табан ұлтанының берік болуына, қайып тігілген тігіетің озара қатты жымдасып, қар мен судың ішке енбеуін сапалы болуын қамтамасыз етеді. Ақмұртты көбіне ер адамның дәстүрлі пішім үлгісінде тігілген қисықтабан, жекен, саптама етіктердің тұмсықтарына көбірек салынады. Түркістан өңірінде ғана жасалатын, технологиясы ерекше тәсілмен жылқы сауыр терісінен жасалған көксауыр деп аталатын жасыл түсті теріден салынады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақмұрт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}