Ақмолда Орынбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтыбас Ақмолда

Ақмолда ОРынбайұлы, Алтыбас Ақмолда, өз аты Әлмұхаммед - ақын. Ол Торғай уезі, Аққұм болысындағы Молтыркиік деген жер, 1925 жылы қайтыс болды.

Өлеңдері

Өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышына" енген. Алғашқы өлеңдерінен сақталғаны - Ресей империясының жергілікті құқық қорғау органдары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (Ахмет Байтұрсынұлының әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге жер аударғанда, соларды арашалай алмаған уезд бастығының көмекшісін сынға алған өлеңі. Бұл өлең Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (Ақмолла. Күндер мен түндер; өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, 1986 ж.). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. "1916 жыл. Билерге" өлеңінде А.О. қазақ жастарын байлап-матап, солдатқа беріп жатқан жергілікті әкімдер қылығын әшкерелейді. Ә.Жангелдинге, Т.Сейдалинге, Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңдері де бар. Алтыбас Ақмолданың жетпіс өлеңі Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер