Ақмолда Байзақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмолда Байзақұлы (1824 - 1873) — батыр, би.

Әулиеата (Тараз) өңірі қазақтарының Қоқан хандығына қарсы азаттық көтерілісі басшыларының бірі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Ұлы жүз Дулат руының Шымыр атасынан. Атасы Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзақ датқа Кенесарыны қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де Қоқан езгісіне қарсы ауық-ауық көтеріліс ұйымдастырып отырған. 1858 ж. Ташкент бегі Мырзахмед басқарған алым-салық жинаушыларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың көтерілісінен кейін (1864 ж.) 75 жастағы Байзақ датқа тұтқынға алынады, Ақмолда өзіне қарасты елді Шымкент маңына көшіріп кел деген парманашы Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартқан. Верныйға келіп полковник Черняевпен байланыс жасайды. 1864 ж. маусымда өз сарбаздарымен Әулиеатадағы орыс армиясына қосылып, Шымкентті қоқандықтардан азат ету соғысына қатысты.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}