Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты 1939 жылы 14 қазанда Ақмола облысы құрылуына байланысты Қазақ КСР ІІХҚ-ң 1939 жылы 22 желтоқсандағы №1875 бұйрығымен Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.<ref name="source1">Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттылық мекемелері. Ақпараттық бюллетень. №1.</ref> Қазақ КСР-ның құрамында 1960 жылы Тың өлкесінің құрылған кезінен бастап сонымен қатар облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының кезек-кезек өзгеруімен мемлекеттік мұрағаттың атауыда ауысып отырды:

  • Тың өлкелік мемлекеттік мұрағат,
  • Целиноград облысының мемлекеттік мұрағаты,
  • 1992 жылдың шілде айынан бастап Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты.

Ең соңғы толық ресми атауы – Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты болды. облыстың мемлекеттік мұрағатында тек одақтық кезеңнен (1919-1990 жылдардағы негізгі жиымдар) және Егемен Қазақстан Республикасының алғашқы жылдарының (1991-2011 жылдарғы) құжаттар сақталады. Революцияға дейінгі құжаттар жеке іс құрайды. Тың өлкесінің (1961-1965 жылдар) аймақтарының мекемелері және ұйымдарының қорлары жеке топтастырылады. Тың өлкесінің құжаттары облыс орталығы Көкшетауға көшуіне байланысты Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылды.

Мұрағат қорына шолу

Сурет:Adic scalar 100.jpg
Электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттар қоймасы

Қазақстан компартиясының ояздық, аймақтық, қалалық, аудандық, облыстық комитеттерінің және еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің халық депутаттары және оның атқарушы комитеттерінің көп аспектілі құжаттарының ақпараттық қорлары ең қорамқты қорлар болып саналады. Аграөнеркәсіптік кешені барлық онжылдықтар ағымында негізгі сала болғандықтан, агроөнеркәсіптік кешенді басқарушы мекемелердің (ояздық, аймақтық, облыстық бөлімдердің егін шаруашылығы басқармаларының, совхоздардың трестері, жер құрылыстары және жобалау (жер құрылысы саласында) ұйымдарының құжаттар қоры (тарихи дереккөздер сияқты) маңызды құндылық болып саналады. Әлеуметтік-мәдени кешендердің ең маңызды қоры болып, ояздық, аймақтық және қалалық халықтық білім бөлімдерінің, облыстың мәдениет, кинофикация басқармаларының. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының қорлары саналады. Тың өлкесінің (1961-1965 ж.ж.) аймақтарының мекемелері және ұйымдарының қорлары ерекше топты құрастырады. Бірақ та, облыс орталығының Көкшетауға көшірілуіне байланысты, бұл құжаттар Астананың мемлекеттік мұрағатына тапсырылды. Облыстың мемлекеттік мұрағатында бірнеше ғылыми-зерттеу ұйымдарының, соның ішінде, тек Қазақстанда ғана емес шетелге де кең белгілі И.Б.Бараев атындағы Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (байырғы Бүкілодақтық) құжаттары сақталады. 2003 жылдың 1 шілдеге дейінгі ахуалы жөнінде мемлекеттік мұрағатта 1436 қор, 344983 сақтау бірлігі түрлі ақпараттық жеткізулер шоғырланған. Қазіргі кезде мұрағатта жалпы көлемі 963 жалпы көлемі 963 сақтау бірлігі сақталады. Құжаттардың хронологиялық рамқалары: 1910-1998 ж.ж. революцияға дейінгі кезең-бөлек құжаттар. Облыстың мемлекеттік мұрағаты тақырыптық сұраныстар және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау жөнінде көптеген жұмыстар атқарады. Мұрағаттың дәстүрлі жұмыс бағыттарының бірі мақалаларды, ақпараттарды және жариялау, әртүрлі деңгейдегі (қалалық, облыстық, республикалық) ақпараттық баспасөз құралдарында құжаттарды іріктеу болып саналады. Бірқатар басылымдарда арнайы бағдарлар құрылған: «Алыс-жақын», «Тарих беттері», «Мұрағаттағы олжалар». 2000-2002 жылдарда газеттер мен журналдардың беттерінде, мемлекеттік мұрағат материалдары жөнінде 52 мақалалар берілген. Қазіргі кезде Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында бөлім, үш топ және анықтамалық стол жұмыс істейді, штатта 27 қызметкер бар.

Мемлекеттік мұрағаттың ең құнды қазынасы, облыста мұрағат қызметінің өркендеуіне қомақты үлес қоысп және жалғастырушылар, оның кадрлары. Бұлардың санында Н.И.Байчиков, Т.Ж.Жұмағұлова, Т.И.Заборская, Б.Ж.Оразақова, Т.А.Дудко, Д.Н.Омарова, В.Э.Петровский және басқалар бар. Облыстық маслихаттың сессиясында 2002 жылдың 12 сәуірінде «Ақмола облысында мұрағаттық істерді өркендету бағдарламасы» бектіліп, ол жемісті іске асырылды. Бұл құжаттың қабылдауына, Қазақстан Респубикасында Ұлттық мұрағаттық қордың сақталуы және толықтырылуы, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасының нығаюы, жергілікті өкімет органдарын және азаматтарды өткенді шолатын ақпаратпен қамтамасыз етуде, мұрағаттық құжэаттардың жағдайын жақсарту жөніндегі жинақты жұмыстарды жүргізу қажеттілік жасады. Облыстық мұрағаттық қызметі республикадағы ең ірілердің бірі. 2003 жылдың 1-ші шілдедегі ахуалы бойынша аймақта 21 мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді, оларда 1099056 сақталу бірлігі шоғырландырылған. Тарихи құжаттық байлықтың басты сақтаушылары: Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты, онда 344983 істер және Көкшетау қаласының – 246046 сақталу бірлігі болып табылады.<ref name="source2">«Мұрағат және тарих» Рысты Сариева 2004 ж.</ref><ref name="source3">Акмолинская область в цифрах и фактах прошлого. Справочник. Акмола, 1996 г.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}