Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмола Облыстық Қазақ Музыкалық Драма Театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры — мәдени кәсіби қызмет көрсететін мекемесі 15.11.1991 жылы ашылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Театр шымылдығы Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Ж.Омаров, Қазақстанның еңбек сіңірген артістері Р.Омарханова, Ш.Жүнісов, Б.Ыбыраев, Т.Атымтаевалардың қатысуымен Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты” трагедиясымен ашылды. Содан бері Ш.Айтматовтың “Ана — Жер ана”, С.Жүнісовтің “Жаралы гүлдер”, Ә.Тауасаровтың “Махаббат аралы”, М.Шахановтың “Танакөз” сияқты әр жанрдағы шығармалар қойылды. 1996 ж. Уфа (Башқортстан) қаласында өткен “Туғанлық” фестивалінде Омаров қойған Ш.Хұсайыновтың “Алдар көсе” спектаклі 1-орынға ие болды. Театрдың кейінгі көркемдік жетекшісі Қ.Жетпісбаев ұжымның азаматтық-патриоттық романтик. бағытын сақтауға тырысты. Театр репертуарында М.Әуезовтің, Ә.Кекілбаевтің М.Байжиевтің, О.Бодықовтың, А.Сейдімбектің, Ш.Хұсайыновтың шығармалары бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}