Ақмолатурист

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания Ақмолатурист - акционерлік қоғам, Астана қаласының аса ірі туристік фирмасы. 1970 жылдан фирма сыртқа шығатын, сырттан келетін және ішкі туризм саласындағы қызмет түрлерін ұсынып келеді. Фирманың мақсаты - ішкі туризмді дамыту. Қала ішінде және қала сыртына жасалатын саяхат үшін өзінің автобус көлігі бар. Фирма кәсіби экскурсия жүргізушілер әзірлеген Астана бойынша шолу экскурсияларын ұйымдастырады. Аталмыш туристік фирма «Астана-үшінші мыңжылдық қаласы» (қала ішінде 3 сағат автобуспен жасалатын саяхат) және «Астанамен таныс болыңыз» (қала ішінде 2 сағат автобуспен жасалатын саяхат) атты қала бойынша шолу экскурсияларын ұсынды.<ref>А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.</ref> 2014 жылы сәуір айында компанияның басшысы ретінде Виталий Анатольевич Корольков тағайындалды.<ref>http://www.fprk.kz/index.php/KZ/sobitiya/412-a-molaturist-a-da-zha-a-basshy</ref>

Дереккөздер

<references/>