Ақмешіт әулие кешені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Ақмешіт әулие кешені.jpg
Ақмешіт әулие кешені.

Ақмешіт әулие кешеніҰлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.

Орналасқан жері

Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылынан батысқа қарай Ақмешіт әулие тауының шыңында орналасқан.

Тарихи деректер, аңыздар

"Әулиетау" атауы әулие – қасиетті және тау сөздерінен құралған, яғни аудармасында қасиетті тау мағынасын береді. Таудың енді бір атауы – "Ақмешіт". Бұл Ұлытау тауының ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1131 м биікте орналасқан. Тауда жергілікті халық қасиетті деп атайтын жеті көмбелер бар. Аңызға сәйкес, таудың үстінде Заратуштра пайғамбар түнеген үңгір бар. Мамандардың айтуынша, тау қола дәуірінен бастап қасиетті болып саналған. Халық түсінігі бойынша, Әулиетаудың жоғарғы жағынан 40-60 м радиуста қорғалатын аумақтың шеңбері ішінде 9 хан ордасы болған. Жергілікті тұрғындар Әулиетау тауының жоғарғы нүктесі аспанға ең жақын орналасқан, дәл сол жерде Аспан мен Жер тоғысады, сондықтан бұл жер – Құдайлар мен рухтар мекені деп есептейді.
Қазіргі сәтте Әулиетау белсенді зиярат орны және туристік бағыттардың міндетті бағыты болып табылады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ұлытау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері