Ақмешіт әулие
Ақмешіт әулие — ескі қамалдың орны, қасиетті жер.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Қарағанды облысы Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 жылы академик Ә.Х.Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42х42 м. Іргесінің қалыңдығы 30-40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер Ақмешіт әулие көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>