Ақметжан мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақметжан мешіті (1890 ж.) — сәулет өнерінің ескерткіші, күмбезді сарай.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Сарысу өзенінің бойында, Айтболаттың Ақшиі деген жерде тұрғызылған.


Құрылысына қарағанла мешіт емес, бала оқыту мақсатымен салынған медресе сияқты. Оқу бөлмелері, жатақ жайлар осыны дәлелдейді. Әбіш Құнанқара, Данияр Кәрібайұлы, Сатыбалды т.б. қарапайым қазақ шеберлері балшықтан салған. Үйдің сәулетшілік тұрғыдан мүлтіксіз жасалуы, халық өнеріне негізделген ерекше өрнектері қырдағы қазақ шеберлерінің жан күйінің сезгіштігін, олардың сұлулықты терең түсініп, құрылыс техникасына байланысты қиын мәселелерді шешуге күш салғанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}