Ақкөл-Жайылма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақкөл-ЖайылмаПавлодар облысындағы көне қала орны.

Өлеңті өзені мен Шідерті өзені Ақкөлдің тұсында түйісіп, жайыла ағатын болғандықтан бұл жерді халық Ақкөл-Жайылма атап кеткен.<ref>Ақкөлдің бойы – әулие мақаласы On.kz сайтында</ref>

Ғалымдар мұнда табылған зираттар мен төбелердің басым бөлігін оғыз-қыпшақ дәуіріне жатқызып отыр. Бұл мекен Шайбани ұлысының орталығы болғаны жайында деректер де бар.<ref>Ақкөл-Жайылма қалашығы туралы мақала El.kz сайтында</ref>

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресінде» де Ақкөл-Жайылма жеріндегі ескерткіштер туралы айтылады: «Шідерті өзенінің аяғында Ақжар, Сасай деген ноғайлылардың егіншілікпен айналысып, қала тұрғызған, билік еткен, Бұқар, Қоқан хандары сияқты орда еткен жері екен. Өлеңтінің аяғында "Қараоба", "Сарыоба" деген екі төбе — Қарабай мен Сарыбай деген екі бай қоныстанған екен, бұл екеуі де қазақтың байлары. Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері — Баянаула тауы».

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Навигациялық кесте