Ақкесене

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақкесене – ертедегі қамал-қаланың орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал мекенінде орналасқан.

Алғаш 1896 жылы археолог В. А. Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100х100 м, айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік-батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биікттігі 9 м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 ғасырдада салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын, 12-13 ғасырда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл мерзімдерді дәл айту қиын.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}