Ақкелін шоқысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақкелін шоқысыҚаныш Сәтбаев туып- өскен Баянауыл сілемінің батыс жағындағы жатаған адырлы қыраттардың бірі. Осылар қатарында Ащы (бұл тұстан Ащысу өзені өткендіктен осылай аталған) қорығына біткен шоқы бар. Халық оны Ақкелін шоқысы деп атапты. Шоқының бұлай аталуы жөнінде Шорман есімімен байланысты, жас биді осы жерге бір аққұба қыздың іздеп келгені жөнінде аңыз айтылады. Бірақ уақытына қарағанда аңыз шындықпен байланыспайды.

Шорман 1837 жылы Сілеті бойындағы жайлауда қайтыс болады. Баянауыл сілеміндегі Қызылағаш деген орманды қыстайды. Аңыздағы оқиға Ақкеліндегі Шорман әулеті елді мекеніне (қазір мұнда Теңдік деген ауыл бар) меңзеп айтылған. Алайда Мұса бастаған Шорман әулеті бүл тұсқа Ресейдің Сібірлік әкімшілігінің рұқсатымен 1850 жылы ғана иелік етіп, үй-жай сала бастаған. Осыған қарағанда шоқы одан көп бұрын Ақкелін деп аталып келген.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақкелін шоқысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}