Ақиқат алаңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақиқат алаңы» – апта сайын эфирге шыққан, теледидардың (Атырау) төл құжатынан өзіндік орын алған хабар. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Ток-шоу бағытында жүретін хабар көрермен назарына күнделікті өмірде, тұрмысымызда орын алып жүрген көкейтесті ойлармен қатар қоғамдық-саяси өмірдің де өткір мәселелері талқыға салынып жүрді. «Еңбек туралы» Заң жобасын талқылауға арналған шығарылымында телефон қоңырауының толас таппауы көтеріліп отырған мәселенің көрермендер көңілін дөп басқандығының куәсі еді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді талқылауға арналған хабарлар да діттеген жерінен шыққан, телекөрермендерді бейтарап қалдырмаған дүниелер болды.

Хабарларды журналистер Светлана Қалиева мен Қарлығаш Таласбаевалар кезектесіп жүргізді. Бұл шоудың шығармашылық топтары әрбір хабарды жете зерттеп, алдын ала бейнеүзіктер түсіріп, тартымды шығуына бар мүмкіндіктерін жұмылдыратын.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}