Ақжүніс Алтайқызы Иманбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақжүніс Алтайқызы Иманбаева (1962 ж. т., Форт-Шевченко қаласы) – ғалым, ботаник-интродуктор, биология ғылымының кандидаты (1996). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1984). 1984 – 87 ж. Ақтау қаласындағы Мұнай-химия және табиғи тұздар инcтитутында аға лаборант, инженер, 1987 жылдан Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директоры (2004 жылдан) болып жұмыс жасайды. Негізгі ғылыми жұмысының бағыты өсімдіктер интродукциясына арналған. Ол Маңғышлақ өңірінде бұдан бұрын кездеспеген өсімдік түрлерін, сорттарын жерсіндірумен айналысады. 1994 ж. Ренней университетінде (Франция) тәжірибеден өтті. 43 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 1 оқулықтың авторы.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақжүніс Алтайқызы Иманбаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}