Ақжелең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақжелеңдомбыра күйлерінде қалыптасқан музыкалық жанр.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Қазақстанның батыс өңірінде әрбір орындаушы өзін күйшілік санатқа кіргізу үшін алпыс екі Ақжелеңді түгел тарту шарт болған. Бұл өзіндік орындаушылық мектеп сияқты. Сондықтан ел арасында “Алпыс екі Ақжелең”, “Алпыс екі салалы Ақжелең” немесе “Алпыс екі тамырлы Ақжелең” дейді. Алпыс екі Ақжелеңді Қаратас-Аймағамбет, Үсен-төре, Айжарық, Молдағали, Тілекеш, Боғда, Рах, Айша, Емберген, Қазаңғап сияқты күйшілер түгел орындаған. Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Еспай сияқты ұлы күйші-композиторларымыз осы дәстүрді жалғастырып өз Ақжелеңдерін шығарған. Қазанғап 62 Ақжелеңнің ең бірінші күйі “Күй шақырғышқа” “сірке қондырып” яғни мәнерлеп, байытып орындап, Әзірберген хан ұйымдастырған күйшілер сайысында бас жүлдеге ие болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}