Ақдөң қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақдөң (Ақдің) қорықшасы<ref name="source1">ҚР табиғаты 3т.</ref> — республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. Қарағанды облысындағы Ерейментау тауының орталық бөлігінде 1971 жылы ұйымдастырылған. Осакаров ауданының солтүстік бөлігінде Молодежный кентінің солтүстігінде — 40 км жерде орналасқан. Ауданы 3000 га. Қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде “Белодымский” деп те айтылады. Қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай Тасбұлақ өзені ағады. Мұнда далалық селеулі өсімдіктер басым. Кей жерінде итмұрын, үшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты үшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, долана, қандыағаш өседі. Жануарларға да бай. Құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (аққоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, аққалақ, сасық күзен т.б.) мекен етеді. Қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген (1996).

Дереккөздер</span>

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақдөң қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}