Ақбозат пен көкбозат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақбозат пен көкбозат - дәстүрлі этноастрономияда айтылатын көк жүзіндегі Темірқазықты айналып жүретін екі жарық жұлдыздың атауы. Қазақ мифологиясындағы осы екі жұлдыз Темірқазыққа арқандалған екі атқа баланады: оның ақшылдауы Ақбозат, кекшілдеуі Көкбозат аталады. Бұл екі жұлдыз - аспанның солтүстік бөлігіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыздардың бірі. Ертеде қазақтар Ақбозатты Темірқазықпен бірге бағыт-бағдар алуға жиі пайдаланған. Қазақта Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстаған күні ақырзаман болады деген аңыз кездеседі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақбозат пен көкбозат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}