Ақбикеш тас мүсіні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақбикеш тас мүсіні - қола дәуірінің ескерткіші. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау аулынан солт.шығыскд қарай 18 км жерде, Ақсай өзенінің шығысында орналасқан. 1978 ж. Орт. Қазақстан археол. экспед. (жетекш. Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Ұзындығы - 4,4 м, төрт қырлы сынтастың жоғары басына адамның бет-бейнесін шығысқа қаратып бедерлеп салған. Ол төменнен қарағанда өйелдің бет-әлпетіне ұқсайды. Алыстан ағарып көрінгендіктен халық оны "Ақбикеш" атап кеткен. Шын мәнісінде қалың касты, үлкен дөңгелекше көзді, қыр мүрынды, үшбұрышты, қысқа шоқша сақалы бар ер кісі бейнеленген. Тастың дәл қай кезде койылғанын анықтайтын белгілер жоқ. Кісі бейнесінің салыну төсілі түркі мүсіндеріне үқсас болғанмен, әдеттегі тас қоршау не оба жоқ Ол Беғазы-Дөндібай сынтастарына үқсас. Солар сияқты тегіс жерге тігінен қадалған. Мүсіннің батыс жағында осы бағытқа созыла салынған "мұрттары" бар үлкен обаның болуына қарап, мүсінтас қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтер кезеңде, б.з.б. 9-7 ғ-да салынған деп болжамдалады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}