Ақбас ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақбас ауруы - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында кездесетін жылқының аяғын зақымдайтын жұқпалы ауру. Күйіс қайтаратын малда сарып, түйеде бақана аталады. Ауру себебі аттың күтімсіз мінілуі мен ыстық-суықты болуы, яғни пайдаланудың гигиеналық талаптары бұзылудан болады. Ақбақас болған жылқының шашасынан төмен, тұяқтың құндыздығынан жоғарырақта бірнеше ақ бөрткен шығып, іріңдеп, аузы ашылып, асқынып тұяқ астын кеулеп кетеді. Ақбас болған жылқы ақсап қана қоймай, дұрыс емдемесе тұяғы айналып түсіп қалады. Дәстүрлі ортада көлік құралына саналатын аттың қатардан шығуы шаруашылыққа недәуір зиян келтіріп қана қоймай, жаппай өршісе атсыз-көліксіз қалу қаупін тудырады деп аса сақтықпен қараған және Ақбас ауруды мұқият емдеген. Атты емдеу үшін ыстық май мен күкіртті ауырған тұяғы мен шашасына жағады да, жазылғанша құрғақ жерде ұстайды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақбас ауруы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}