Ақбастау (тау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау Үлгі:Мағына АқбастауБетпақдаланың оңтүстігіндегі оқшау тау.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттiк биіктігі 491 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік-батысқа қарай доғаша созылып жатыр. Ұзындығы 8 км, енді жері 3-3,5 км.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы палеоген жүйесінің әктас, құмтас, саз, малтатастарынан түзілген. Батысы мен оңтүстік беткейлері көлбеу келген, шығысы мен солтүстігі тіктеу.

Өсімдігі

Тау етегінде теріскен, еркек шөп, бұйырғын, қара жусан, беткейлерінде сұр жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өседі. Беткейлерінде сұр, сортаң топырақ жамылғысы қалыптасқан. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Толықтыру